Астана халықаралық қаржы орталығындағы ресейлік компаниялар саны бес пайыздан аспайды. Бұл туралы Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысында айтылды. Бүгінгі таңда аталған орталықта 1200 компания тіркелген. «Қатысушылардың қаржы орталығынан кету жағдайлары байқалмайды» - деді Қайрат Келімбетов. Сондай-ақ, отырыста қазақстандық қор нарығына батыстық санкциялардың ықтимал әсері, инвестициялық ахуал мәселелері талқыланды. Ал Ұлттық экономика және Қаржы министрліктеріне халықаралық салық мәселесін қосымша пысықтау тапсырылды.
Саламат Омаш