Standard & Poor's агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Standard & Poor's агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

05.03.2022
Standard & Poor's агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін растады

Standard & Poor's халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингін «BBB-/А-3» деңгейінде растады.

Ел экономикасының тұрақты фискалдық және сыртқы баланстар - Қазақстанның рейтингін қолдайтын маңызды факторлар.

Агенттіктің мәліметінше, Ресейге қатысты экономикалық санкциялардың қайталама салдарын еңсеруге болады және ол Қазақстанның негізгі мұнай және газ экспорты нарықтарына шығуында іркілістерге алып келмейді.

Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның тиімді макроэкономикалық саясаты экономиканы әртараптандыру, жеке секторды дамыту, халықтың табысын арттыру, инвестициялық ахуалды жақсарту, салық саясатын жетілдіру бойынша шаралар аясында жалғаса береді.

Жалпы, Standard & Poor's Қазақстан экономикасының 2022 жылы 3,6% деңгейінде және 2025 жылға дейін орта есеппен 4%-ға жуық өсуін болжап отыр.


Хабарламаларға жазылу