Қаржы нарығындағы ахуал нашарлағанымен мұнай қымбаттап, одан түсетін табыс артып келеді. Ұлттық экономика министрлігінің болжамына сай қара алтынның брент маркасы 100 доллар болып тұрса, Ұлттық қорға түсетін қаржы 1 триллион 900 миллиард теңгеге көбейеді. Оның үстіне экспорттық баж салығынан бюджетке 800 миллиард қосымша түседі. Ал мұнай бағасы 90 доллар болса, түсім 1 триллион 400 миллиардқа артады. Айта кетейін, ел бюджеті мұнай 60 доллар болады деген болжаммен есептелген. Қазір қара алтын баррелі 110 доллар. Ал ұлттық қордағы қаржы 54 миллиард доллар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық қорға түсетін қаржы 1 триллион 900 миллиард теңгеге көбейеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/154096/)