Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады

04.03.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасын қабылдады. Олжас Бектенов Президентке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің атқарған жұмысы мен резонанс тудырған қылмыстық істердің тексерілу барысы туралы есеп берді. Ұсынылған деректерге сәйкес 2 айдың ішінде 240 адамның, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 40 басшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары анықталды.

Олардың қатарында 1 вице-министр, 1 қала әкімі және облыстық басқармалардың 11 жетекшісі бар. Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін құны 5,4 миллиард теңге болатын күдіктілердің мүлкіне тыйым салынды. Ведомство жетекшісінің айтуынша, ақпан айында Парламент Мәжілісі негізсіз байығаны үшін жауапкершілік туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Бұдан бөлек «Follow the money» қағидаты бойынша қаржылық тергеуді дамытуға, пара беру жөнінде уәделесуге және пара ұсынуға қатысты жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық шаралар топтамасы пысықталып жатыр.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу