Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді

04.03.2022

Президент жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің жаңа құрамы бекітілді. Оған қоғам белсенділері, жас ғалымдар мен кәсіпкерлер, «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері, Президенттік кадр резервінің мүшелері, жастар ұйымдарының көшбасшылары кірген. Олардың қатарында Ұлттық арнаның жүргізушісі Нартай Аралбайұлы мен Басқарма төрайымының орынбасары Мақпал Жұмабай да бар. Жаңа құрам жастар саясатын жетілдіруге байланысты тұжырымдамалық құжаттармен ұсыныстарды әзірлеуге атсалысады. Кеңес жастардың маңызды мәселелерін шешетін нақты алаңға айналмақ.

Хабарламаларға жазылу