Украина аумағынан шыққан қазақстандық көлік жүргізушісі: Қорқыныш пен үрей артта қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина аумағынан шыққан қазақстандық көлік жүргізушісі: Қорқыныш пен үрей артта қалды

04.03.2022

Украинадан Қазақстанның 23 жүк көлігі шығарылды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдеді. Тағы жетеуі Польша шекарасында тұр. Ал, 26 жүк көлігі Украинаның орталық және шығыс аймақтарында қалып отыр. Ол жүргізушілерге де қолдау көрсетіліп жатыр, дейді министрлік.

Вадим. жүк көлігінің жүргізушісі:

Барлық қазақстандық көлік жүргізушілері атынан Польша елшілігіне рахметімді айтқым келеді. Визасыз ел аумағынан өтуге үлкен мүмкіндік жасады. Сонымен қатар, Қазақстан Үкіметіне, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасына және Украина елшілігіне ризашылығымызды білдіреміз. Қазір Люблин қаласындамыз. Қорқыныш пен үрей артта қалды. Барлықтарыңызға үлкен рахмет!

Самат Ғилымов, Көлік комитетінің төрағасы:

Арнайы рұқсатпен жүретін көліктер ғой. Олардың арнайы рұқсаттары болады. Олар ойлаған жоқ қой. Украинаға барып кері қайтамыз деді. Ал, жол енді айналыммен түсейін деп тұр. Сондықтан оларға Польша мемлекетімен де, Молдова мемлекетімен де, басқа елдерге де, Болгария, Венгрияға өзіміздің тарапымыздан хат жолдағанбыз.

Латвия порттары қазақстан жүктерін қабылдауға дайын

Сондай-ақ Қазақстан Ресей порттарындағы жүк көлемін Латвияға бағыттайтын болды. Балтық мемлекеті бірнеше портын ашып, орын беруге келісті. Ресейге салынған санкциялардан кейін, еліміз басқа мемлекеттер арқылы жүк жеткізу жолдарын іздеуде. Екі жақты келісім бойынша Қазақстанның жүктері Рига, Вэнтспилс және Лиепая порттарына бағытталады.


Хабарламаларға жазылу