Мемлекет жастарға жағдай жасауға міндетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет жастарға жағдай жасауға міндетті

04.03.2022

Еуразия Ұлттық университетінде студенттері Сенат депутаттарымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының бастамасымен жастарды жұмысқа орналастыру жайы сөз болды. Сондай-ақ спикерлер студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсарту жайында мемлекет тарапынан қолға алынған шаралар туралы айтты.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл жерде енді Парламент өз тарапынан еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси реформалардың заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жөнінде барлық күшін, барлық мүмкіндігін жұмсайды. Егер де жаңа заңдар қабылдау керек болатын болса, жұмыс істейтін заңдарға тиісті өзгерістер, жаңалықтар қамтамасыз етеміз.


Хабарламаларға жазылу