Украинадан эвакуациялау жұмысы басталғалы 431 азаматқа көмек көрсетілген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан эвакуациялау жұмысы басталғалы 431 азаматқа көмек көрсетілген

04.03.2022

Сыртқы істер министрлігі мен шет елдердегі елшіліктер жерлестерімізді Украинадан эвакуациялау жұмысы басталғалы бері 431 азаматқа көмек көрсеткен. Азаматтардың Барлығы үш эвакуациялық ұшақ қазақстандықтарды елге жеткізді. Азаматтардың және жүк тасымалдаушылардың орналасқан жеріне байланысты еліміздің Ресейдегі, Беларусьтегі, Польшадағы, Словакия, Мажарстан, Румыния және Молдовадағы шетелдік мекемелері олармен тұрақты байланыста. Бұған дейін Президент қазақстандықтарды Украинадан эвакуациялауға қатысты жағдайды жіті қадағалап отырғанын айтқан.  

Камила Арманқызы, Қазақстан азаматы:

Бейбіт күннің қадірін біліңіздер. Қазір бәріміз әлемнің, елдің тыныштығын тілейміз. Елге аман-есен жетуге көмектескен елшілік қызметкерлеріне алғыс айтамыз.


Хабарламаларға жазылу