Украинадан кеше 130 жерлесіміз елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадан кеше 130 жерлесіміз елге оралды

04.03.2022

Бүгін түнде елордалық әуежайға Польшадан тағы бір топ жерлестеріміз елге жеткізілді. Бұл Украинада қалып қойған азаматтарымызға біздің елшілік тарапынан жасалған үшінші эвакуациялау шарасы. Осылайша кеше 130 жерлесіміз елге оралды.

Елге оралған жерлестерімізге Украинадан Польшаға жеткенше және сол елден ұшқанша барлық жағдай жасалған. Елордаға жеткен азаматтарға ас-су беріліп, қонақ үйше орналастырылды. Олар тынығып алған соң өз үйлеріне жолға шығады.

Қанат Қабиденов, Қазақ туризм ұлттық компаниясының өкілі:

Ол үшінші рет, бірақ бүгін бізге хабарласты. Біз шамамыз келгенше бар жағдайды жасауды тырысып отырмыз, өйткені келе жатқан отандастарымыз олар барлық Нұр-Сұлтан қаласында тұрмайды.

Берекеміз артқан, бейбіт күнге жетер ештеңе жоқ. Украинадан Қазақстанға оралған отандасымыздың дені осындай пікірде. Шиеленісті өз көзімен көрген олар енді жер бетінде соғыс болмасын, тыныш заман орнасын деген тілектен басқа арман жоқ.

Ламбриан Топузидис


Хабарламаларға жазылу