Темір жол вокзалы сән көрсетілімі алаңына айналды! Мереке қарсаңында Ақтөбеде өткен ерекше шара жолаушылардың назарын аудармай қоймады.
Дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығының өкілдері ұлттық нақыштағы киім үлгілерін ұсынды. Айтуларынша, қазақы киімдерге соңғы жылдары сұраныс еселеп артқан. Дизайнерлердің де басты мақсаты – нарықтан Қытай мен Қырғызстаннан келетін өнімдерді ығыстыру. Қауымдастық өкілдері , алдағы 5-10 жыл шамасында отандық дизайнерлер мен тігіншілердің киімдері сұраныстың кемінде 50 пайызын қамтиды, дейді.
Гүлзада Ермағамбетова, Дизайнерлер мен тігіншілер қауымдастығының өкілі:
Біздің негізгі мақсатымыз – осы жергілікті жердің, отандық өнімді өндіру. Бүкіл қолөнершілер де, динзайнерлер де өте көп. Солардың қолдан шыққан бұйымдарын Қазақстан нарығына шығару. Жергілікті, бүкіл Қазақстан халықтарына таныстыру. Осы мақсатпен өнімдерімізді жарнамалау үшін көптеген сән үлгілерінкөрсетіп келе жатырмыз және жәрмеңкелер өткізіп келе жатырмыз.
Жаксыбек Кемал