Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үкіметте дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штаб отырысы өтті

04.03.2022

Ресейге салынған санкциялардың Қазақстанға кері әсерін басу үшін үкіметте Дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті. Премьер-Министр төрағалығымен өткен жиында экономиканың салалық бағыттары, көлік және логистика, контрагенттер арасындағы өзара есеп айырысу мәселелері, сондай-ақ отандық бизнестің басқа да мәселелері талқыланды. Штаб наурыздың 2-сі құрылған еді. Оның құрамына мемлекеттік органдардың бірінші басшылары, кәсіпкерлік қауымдастығының өкілдері және салалық сарапшылар кірді. 

Хабарламаларға жазылу