Астана күніне зиялы қауым өкілдерінің лебіздері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана күніне зиялы қауым өкілдерінің лебіздері

03.07.2014
Астана күніне зиялы қауым өкілдерінің лебіздері

Астана күніне арналған мерекелік шаралар аяқталғанға дейін Елорда аспанын ән мен күй кернейді. Сәні ерекше қала ән мен күйдің ордасына айналады. Шаһарды шайырлар жыр етсе, сазгерлер сырлы музыка тудырды.

Нұрғали Нүсіпжанов, әнші, ҚР Халық әртісі:

Алаш жұртының қазақ халқының әлемдік деңгейдегі әдебиетін, мәдениетін, тіршілігін көрсететін қазақ мемлекетінің астанасының туған күні құтты болсын. Қуанышты тойлап жүруге Алла нәсіп етсін.

Илья Жақанов, Қазақстан және Қырғыз Республикаларының Еңбек сіңірген қайраткері:

Бір кезде сонау Абылай хан қырғыздарды Бурабайға алып келгенде, Бурабайды, біздің Сарыарқаның сәулетін көрген қырғыздар «Осындай жерлерде адам өле ме екен»,  деген екен. Ал енді, бүгінгі Астананың әлем жұртын өзіне аударған осындай сұлулығы біздің елдің айбыны болып отыр. Елбасының бұл өнегелі, үлгілі ісі болашаққа жетеді. Астана - халқымыздың рухы, Астана - мемлекетіміздің қуаты мен айбыны.

Ислам Байрамуков, Сидней Олимпиадасының қола жүлдегері:

Біріншіден қазақстандықтарды, Астана тұрғындарын келе жатқан Астана күнімен құттықтағым келеді. Астанамыз жас қала, жастардың қаласы, келешектің қаласы.

 

Дәурен ДАРИЯБЕК

Хабарламаларға жазылу