Зеленский Путинді бетпе-бет келіссөзге шақырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зеленский Путинді бетпе-бет келіссөзге шақырды

04.03.2022

Украина президенті Владимир Зеленский ресейлік әріптесі Владимир Путинді соғысты тоқтату үшін бетпе-бет келіссөзге шақырды. Мұндай мәлімдемені ол телеарнаға берген сұқбатында жасады. Оның сөзінше, Мәскеу мен Киев бұл жанжалдан тең отырып сөйлескенде ғана шыға алады.

Тағы бір сөзінде Зеленский Батыс елдерін Украина аспанын ұшуға болмайтын кеңістік деп жариялауға үндеді. Алайда, АҚШ пен оның одақтастарының ойынша, мұндай қадам Батыс пен Ресейді тікелей соғысқа ұрындыруы мүмкін.

Ресей мен Украина бейбіт халықты көшіру үшін «Гуманитарлық дәліз» ұйымдастыруға келісті

Ал, Беларусьтің Беловеж орманында Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің екінші раунды аяқталды. Онда тараптар бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық дәліз ұйымдастыруға және соғыс жүріп жатқан аудандарға дәрі-дәрмек жөнелтуге келісті. Бұл шараны жүзеге асыру үшін атыс уақытша тоқтауы керек.

Келіссөздердің үшінші раунды таяуда өтеді. Бірақ, оның қайда және қашан басталатыны белгісіз.

Путин «Әскери операцияның» жоспар бойынша жүріп жатқанын мәлімдеді

Путин болса, әскери операцияның жоспар бойынша жүріп жатқанын мәлімдеп, Украинаны қаруын тастап, өзін бейтарап мемлекет деп жариялап, НАТО-ға өту ниетінен бас тартуға шақырды.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу