Индустрияландыру картасы аясында жыл соңына дейін 10 мың жұмыс орыны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индустрияландыру картасы аясында жыл соңына дейін 10 мың жұмыс орыны ашылады

03.03.2022

Ал индустрияландыру картасы аясында жыл соңына дейін 10 мың жұмыс орыны ашылады. Өйткені жалпы құны бір триллион 400 миллиард теңгеге 90 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Зауыт, фабрикалардың басым бөлігі тамақ өнеркәсібі саласында жұмыс істемек. Құрылыс индустриясы, химия өнеркәсібі, металлургия, мұнай өңдеу, фармацевтика, машина жасау салаларында да жобалар жетерлік. Басым бөлігі Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында іске аспақ. 

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу