Көп ұзамай балаларға арналған TiJi арнасы қазақ тілінде көрсетіледі - министр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көп ұзамай балаларға арналған TiJi арнасы қазақ тілінде көрсетіледі - министр

03.03.2022

Бұдан былай мемлекеттік мекемелердің жұмысы БАҚ арқылы бағаланады. Президент тапсырмасына сай, билік пен халық арасындағы байланысты жандандыру міндеті тұр. Ол үшін ақпарат саласын дамыту керек. Бұл бағытта 3 жылдық ұлттық жоспар түзілді. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп, алдағы мақсат-міндеттер баяндалды. Қазақстандық интернет-сегментті дамытуға екпін беріледі. Көп ұзамай балаларға арналған TiJi, Ник арналары қазақ тілінде көрсетіледі. Ал «Balapan» телеарнасы жанынан ашылған анимация мектебінің жұмысы биыл да жалғасады.

Асқар Умаров, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:
Қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды, мультимедиялық контентті және онлайн-платформаларды дамыту қажет. Тұрғындардың медиа сауатын арттыру үшін үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп медиа және ақпараттық сауаттылық аптасын өткізуді жоспарладық.  Оған қоса мемлекеттік ақпараттық тапсырыс механизмдері жетілдірілетін болады.

Ал ауылда қоғамдық бастама көтергендерге 500 мың теңгеден 50 грант беріледі. Әсіресе, ауыл тұрғындарының цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған жобаларға қолдау көп. Қайырымдылық пен волонтерлікті ынталандыру аясы да кеңейеді, Квоталар көбейеді. Тағы бір маңызды сала – дін. Деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар саны азаймай отыр. Бұл бағыттағы жұмысты күшейтуге басымдық берілмек. Жастарды қолдауға қатысты шаралар саны артады.

Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу