Бельгиялық сарапшы Николас Госсе: Қазақстанның бітімгер ел екені бәріне белгілі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бельгиялық сарапшы Николас Госсе: Қазақстанның бітімгер ел екені бәріне белгілі

03.03.2022

Қазақстан Президенті Украина мен Ресейді диалогқа шақырып, келіссөз жүргізуге алаң ұсынғанын Еуропа сарапшылары құптап отыр. Бельгиядағы қорғаныс академиясының өкілі Николас Госсе енді қос тарап қазақ елінің ұсынысын қабылдап, ортақ мәмілеге келеді деген сенімде.

Николас Госсе, Бельгияның Қорғаныс академиясының сарапшысы:

Екі жақтың әскерилері де қақтығысты тоқтатын түрі жоқ. Осы тұста елдеріңіздің өз алаңын ұсынып, тараптарды татуластыруға ұсыныс жасағаны жоғары бағаға лайық. Қазақстанның бітімгер ел екені бәріне белгілі. Бауырлас халықтардың тезірек бейбіт келісімге келуін қалағандықтан елдеріңіз бейтарап позиция ұстанып отыр. Жалпы,жуан елдер дағдарысты тезірек бейбіт жолмен реттеуге күш салмаса, оның салқыны жаһан елдеріне тиеді. Әлден тиіп жатыр.

Екі елді бітімге шақырған Қазақстан бастамасын ресейлік миллиардер Игорь Рыбаков та қолдады. Ол өз блогында бейбітшілік тақырыбын талқылаған кезде Қазақстан Президенті Украина мен Ресейді диалогқа шақырып, келіссөз жүргізуге алаң ұсынғанын мысал ретінде келтірді.

Игорь Рыбаков, Ресейлік миллиардер, кәсіпкер:
Дәл қазір осындай пікір көп болу керек. Бәрінен де келіссөз процесін бастауға шақыратын ой маңызды. Басқа радикалды пікірге қосылып кетпеуіміз қажет.


Хабарламаларға жазылу