Президенттің жарлығына сәйкес Әдеп кодексінде жаңа талаптар енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің жарлығына сәйкес Әдеп кодексінде жаңа талаптар енгізілді

03.03.2022

Президенттің жарлығына сәйкес Әдеп кодексінде жаңа талаптар енгізілді. Кодекстің негізгі бағыты мемлекеттік қызметкерлердің этикалық қасиетін жетілдіру. Одан бөлек, халыққа іс жүзінде нақты қызмет көрсетіп, оның талап тілегініне шыға білу міндеті қойылған.

Дархан Жазықбаев, Мемлекет қызмет істері агенттігінің төрағасы:

Жаңа кодекс негізі ол жерде негізінен мемлекеттік қызметшілерден осы әдеп, моральдық әдеп қағидасын жасадық. Яғни ол 6 қағидадан тұрады. Жаңа өздеріңіз білесіздер бұрын болды әдеп кодексінің ішінде бұрын болды. Бірақ жаңа бөлек бөлім ретінде қарастырылмаған. Біз оны бір жаңа бөлім ретінде алып қарастырылып сол жерде біз ашықтық деген принципті қойдық. Себебі мемлекеттік қызметшілер бұл жерде ашықтықты көрсету керек.

Ал сарапшылардың пікірлері бойынша жаңа кодекс, халық талабына барынша икемді, жұртпен жұмыс істеуге де бейімді.

Әлихан Байменов, Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік қызмет өңірлік хаб басқарушы комитетінің төрағасы:

Әлемдік тәжірибие көрсеткендей мемлекеттік қызметшілердің әдептілігін заңды деңгейінде, не Мемлекет басшысы деңгейінде Үкімет қауылысы деңгейінде реттеу қажет. Себебі мемлекеттік қызметшілердің барлығы халықтың есебінен айлық алып, халықтың есебінен қызмет жасайды. 


Хабарламаларға жазылу