Астана күні қарсаңында ашылған еліміздің Ұлттық музейі шетелдік әріптестерімен тығыз байланыс орната бастады. Бүгін музей басшылығы Ресейдің екі бірдей мұражайымен, Ресей этнографиялық музейі және «РОСИЗО» мемлекеттік музей-көрме орталығымен әріптестік туралы меморандумға қол қойды.
Осы құжатқа сәйкес бұдан былай қазақ мұражайы көрші елдің мәдени-тарихи орталықтарымен қарым-қатынасын нығайтып, бірлесіп жұмыс істейді.
Екі елде көрмелер ұйымдастырып, тарихи-мәдени жәдігерлермен таныстырмақ. Сондай-ақ бүгін ұлттық музейде халықаралық симпозуим өтті.
Дархан Мыңбай, ҚР Ұлттық музейінің директоры:
Бұл бірлескен ғылыми зерттеу жүргізуімізге және бірлескен кітаптар, басқа да басылымдар шығаруымызға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, біз болашақта көрмемен алмасамыз.
Айнұр АҚБАЕВА