Ал бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді. Жиында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуына байланысты еліміздің дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары қарастырылады. Кеңес отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды.