Аяқ киімдерді таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аяқ киімдерді таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталды

02.03.2022

Елде былтыр қарашада аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалау басталғаны белгілі. Кәсіпкерлерге қарашаға дейін сатып алып қойған таңбаланбаған тауарларын биыл сәуірге дейін сатуға рұқсат берілген еді. 

Алайда оларды сәуірден кейін сатуға рұқсат жоқ. Сол үшін тауарын сатып үлгермеген шағын кәсіп иелеріне тағы жеңілдік жасалмақ. Елде аяқ киімдерді таңбалау кодтарын тегін басып шығару науқаны басталды. Шығынды «Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы» өтейді. Кәсіпкерлер оған қатысу үшін маусымға дейін өтініш бере алады.  

Хабарламаларға жазылу