«Партияның аты өзгеріп қана қоймай, жұмысы жанданып, барынша ашықтыққа басымдық берілуі керек»,-дейді алматылық өнер иелері. Профессор Нұржан Жанпейісовтің айтуынша, «Amanat» партиясының депутаттары халыққа жақын болып, әділ түрде жұмыс атқаруы керек. Өйткені, ізін басып келе жатқан «Jas Otan» жастар қанатының өкілдері олардан үлгі, өнеге алады. Сондай-ақ халық қалаулылары ең алдымен қоғаммен байланысты жақсартуы тиіс. Партиялар арасындағы бәсекелестікті де күшейткен жөн. Сонда ғана депуттардың жұмысы нәтижелі болады.
Нұржан Жанпейісов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері , профессор:
Партиялар менің ойымша елдің дамуын, қоғамдық идеология болсын барлық бағытты қамтиды ғой. Мемлекет басшысы талап етіп отырғандай қай сала болмасын ашықтық болуы керек. Ол жердегі жұмысты халық біліп, көріп отыруы керек. Партиялар ашық болуы керек.