Елордада республикалық ақсақалдар форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада республикалық ақсақалдар форумы өтті

02.03.2022

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қариялар – ел қазынасы» атты бірінші республикалық ақсақалдар форумы өтті. Қаңтар қасіретінен кейін бас мүфти биылғы жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы деп жариялаған. Осы жоспар аясында жастарды дұрыс жолға бағыттап, жас буынды жақсылыққа үгітейтін аталар мектебін қалыптастыру жоспарланып отыр. Сондықтан әр өңірде ақсақалдар кеңесі құрылып, үгіт-насихат жұмыстары күшеймек. Ал бүгінгі форум сол жоспарды іске асыруға, талқылау жүргізуге бағытталған алғашқы қадам. Жиынға әр өңірден 3 ақсақал, яғни 80-ге жуық қария қатысты. Ақсақалдар кеңесіне мүшелікке қабылданудың да бірнеше критерийлері бар.

Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:

Ақсақал кісі жасы 60-тан асқан болуы керек. Ел алдында абройы бар, сыйлы ақсақалдарымыз болу керек. Қазақтың салт-дәстүрін насихаттауда, әртүрлі діни ағымдардың алдын алуда ақсақалдармен бірігіп, елдің бірлігіне қызмет жасаймыз деген ойымыз бар.


Хабарламаларға жазылу