Айжан Ысқақова: Гидротехникалық құрылыстардың жартысы тозған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айжан Ысқақова: Гидротехникалық құрылыстардың жартысы тозған

02.03.2022

Ал депутаттар Төтенше жағдай министрлігінің тасқынға қарсы дайындығына күмән келтіріп отыр. Айтуларынша гидрологиялық болжам бойынша 200-ден астам елдімекенді су басуы мүмкін. Әсіресе Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстарына қатысты болжам көңіл көншітпейді. Десе де жауапты ведомства ешқандай қауіп жоғын айтып келеді. Сәйкесінше тасқынға қарсы тиісті деңгейде дайындық жүріп жатқан жоқ, дейді Айжан Ысқақова. Оның үстіне су қоймалары мен дамбы секілді 650-ден астам гидро-техникалық құрылыстардың жартысы әбден тозған. Соның біразы апатты жағдайда деген депутат Үкімет басшысына сауал жолдады.

Айжан Ысқақова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Су басу қауіпі туралы болжамдармен министрлік қалай жұмыс істеп жатыр? Тасқынға қарсы, қандай шаралар жүзеге асуда? Бізге гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі жөнінде заң қабылдаумыз керек. Қазір оларға қандай орган жауапты екені де түсініксіз.


Хабарламаларға жазылу