Барлық деңгейдегі депутаттардың рейтингісі тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің нәтижесімен анықталуы тиіс. Мемлекет басшысы «Amanat» партиясының съезінде осыны атап өтті. Депутаттар құрғақ есептерден аулақ болуы қажет. Себебі партия мүшелері, саяси ұйым атынан сайланған депутаттар саяси және экономикалық өзгерістерге сай жұмыс атқаруы қажет, деді Президент.
Мадияр Амангелдинов, Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаты:
Партия жаңғырып жатқаннан, партия модернизация болып жатқаннан кейін барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары жұмысымызды түбегейлі өзгертуіміз қажет. Жаңа көзқараспен қарауымыз керек. Халықпен жұмысты жаңашаландыру, оңтайландыру халық пен Мәслихат депутаттарын, биліктің арасындағы сенімділікті нығайтуымыз қажет.
Бибігүл Ахметжанова, «Amanat» партиясы Бәйтерек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:
Партия жарнасының 20 пайызы кері қайтарылып, партияның жобаларына, жаңадан бүгін аталған жобаларына кері қайтарылады деп нақты айтылған болатын. Бұл да біздің халықпен жасайтын жұмысқа оң нәтиже береді деген сенімдеміз.
Ермек Елберген