Америка Құрама Штаттары да Ресей ұшақтары үшін өзінің әуе кеңістігін жапты. Осыған дейін мұндай қадамға Еуропа одағы мен Канада барғаны белгілі. Ал, Президент Джо Байден Конгресс алдында дәстүр бойынша үндеу жолдап, Ресейге қарсы санкциялардың әрі қарай күшейтілетінін ескертті. Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры болса, Украинаға көмек ретінде 5,2 миллиард доллар бөлетінін жариялады. Бұл қаражат Киевке жазға дейін аударылады.
Әлемнің ірі компаниялары Ресейден кетіп жатыр
Тағы бір айта кететін жайт - Батыс Ресей экономикасын жаһандық қаржы жүйесінен ажыратып, халықаралық компанияларды Мәскеумен байланыстарды үзуге және ондаған миллиард доллар инвестицияны кері шығаруға итермелеп отыр. Солардың қатарында Американың Boing, Ford, Exxon Mobil корпорациялары мен британдық British Petroleum мен Shell бар. Ал, Apple Ресейде iPhone мен өзге өнімдерін сатуды доғарған.
Арыстанбек Рысбек