Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның 30 жыл бұрын Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына қатысты туит жариялады. «Біз БҰҰ-мен жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өркениетті қоғам құру мәселесіне байланысты ынтымақтастық орнаттық. Геосаяси ахуал ушыға түскен қазіргі кезде осы ұйымның әлеуеті мен рөлін арттыра түсу керек» делінген жазбада.