Ресей атысты тоқтатқанда ғана Украина келіссөздерді жалғастырады. Мұны президент Владимир Зеленский Американың «Си-эн-эн» телекомпаниясы мен Британияның «Рейтер» агенттігіне берген сұқбатында мәлімдеді.
Тағы бір сөзінде Зеленский Батыс елдері Украинаны НАТО-ға қабылдауға дайын болмаса, Киев үшін қауіпсіздік кепілдігін беру керектігін айтты.
Бұған дейін Кремльдің баспасөз қызметі президент Владимир Путин мен Зеленский арасында келіссөздер жоспарланып отырмағанын хабарлаған еді.
Арыстан Рысбек