Астана күні - жалпыхалықтық мереке - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана күні - жалпыхалықтық мереке

02.07.2014
Астана күні - жалпыхалықтық мереке

Астана  күні  - тек бас шаһардың ғана мерекесі емес, ол ел жетістігінің көрінісі. Сондықтан, бұл барша қазақстандықтардың ортақ мерекесі.

Әлемнің үздік сәулетшілері  озық технологияларды қолдана отырып тұрғызған ғимараттар - барша халықтың көз қуанышы.

Сондықтан, қысқа ғана уақытта төрткүл дүниені тамсандырған Елорданың келісті келбеті жастарды болашаққа ынталандырып, аға буын үшін кеудесіне мақтаныш сезімін ұялатады.

Білім мен   ғылымның, мәдениеттің ордасына айналған Елордамыздың туған күні  - барша халыққа ортақ мереке.

Ескендір Елеусізов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Астананың осындай жетістікке жетуін біз Елбасымен байланыстырамыз. Өйткені, ол кісінің әрбір көшенің, әр үй, ғимараттың өз қолынан өткізгенін көріп отырмыз.

Қасымбек  Медиев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

Елімізді Астана арқылы бүкіл дүниежүзі білетін болды. Көптеген үлкен  іс-шаралардың барлығы осы Астанада өтіп жатыр.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу