Жезқазғанда тазалық мекемесінің 57 адамы жұмыссыз қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жезқазғанда тазалық мекемесінің 57 адамы жұмыссыз қалды

01.03.2022

Жезқазғанда коммуналдық тазалыққа жауап беретін компанияның 57 жұмыскері жұмыссыз қалды. Олар облыс басшыларына жағдайды айтып, көмек сұрады.

Қаңтар, ақпан айларына жергілікті билік «Бестау Адал» деп аталатын фирмамен келісім шарт жасасқан. Тазалық мекемесі жолдарды күтіп ұстауға жауапты. Алайда компанияның жеткілікті техникасы мен жұмысшылары болмаған. Адамдарды өзара келісім-шартпен өзге фирмадан жалдап келген. Қаңтарда жұмысқа қатысты ескертулер болып, кейін қателік түзетіліп қаражат иегерілген. Ал ақпан айында жұмыс атқарылмай қала тұрғындарының наразылығын тудырған. Іс сотта қаралып компаниямен келісім-шарт үзілді. Егер фирма қарыз болса, жұмысшыларға істеген еңбекақысын төлеп беруі тиіс.

Берік Төребеков, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары:

4 автогрейдер болу керек болса, соның біреуі ғана жұмыс істеп жатады. Адамдардың саны 65 адам көрсетілген, олардың саны 27 ғана. Ол деген енді келісім-шартқа сәйкес емес. Талаптар орындалмағаннан кейін сондай шараға бардық. Тендерді ұтып алатын болса, әзірге білмейміз ғой қалай болатынын, конкурс өткен уақытта жаңағы мекеменің басшысына ұсыныс білдіреміз жаңағы кісілерді жұмыссыз қалдырмау мақсатында.

Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу