Қазақстанның әуе кеңестігінде ұшақ рейстері 3 есе өскен. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша, транзиттік рейстің көбеюі Қазақстанға қосымша табыс әкеледі. Мәселен, кейбір әуе кеңістігінің жабылуына байланысты әуе қозғалысы Қара теңізден Қазақстан аумағы арқылы өтіп жатыр. Бір тәулікте біздің кеңістікте бұрын жоспарланбаған 257 ұшақ өткен. Еуропадан Қытайға және Оңтүстік-Шығыс Азияға бағытталған әуе кемесі көбейсе, ел қазынасына айына 1,5 млн доллар қосымша ақша түседі. Елдегі аэронавигациялық жүйе шектеусіз әуе қозғалысын қабылдауға мүмкіндік береді.