Енді аудан әкімдері де сайланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді аудан әкімдері де сайланады

28.02.2022

Елімізде бұған дейін ауыл әкімдері сайланған болса, енді аудан әкімдері де сайлауға түседі. Бұл - демократия принциптерінің орындалуына лайықты жағдай жасайды.

Түркістан облысына жұмыс сапарымен келген Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осылай деді. Өңір зиялыларымен өткен кездесуде өңірлердегі сайлау жүйесінің қазіргі жағдайы мен ашықтығы, бірқатар проблемалар айтылды. Сайлау комиссиясының төрағасы жергілікті жастармен де кездесіп, олардың ой-пікірлерін тыңдады.

Айнұр Ақбаева


Хабарламаларға жазылу