Қазақстанда валюталық сауда-саттық толық тоқтатылуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда валюталық сауда-саттық толық тоқтатылуы мүмкін

28.02.2022

Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы бірлескен мәлімдеме жасады. Теңге мен доллар бойынша сауда-саттық ережелерін өзгертуге шешім қабылданды. Нақтыласақ, сауда-саттық бүгін Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-де Франкфурт аукционы форматында ашылады. Бірақ, бұл шаралар уақытша сипатқа ие. Яғни, сыртқы геосаяси факторлар тарапынан валюта нарығына және ел ішіндегі қаржылық тұрақтылыққа түсетін қысымды барынша азайту қажет. Сондай-ақ сағат түскі 3-ке дейін биржалық валюталық сауда-саттықты да толық тоқтата тұру мәселесі көтерілді. Айта кету керек, Алматы мен елорданың ақша айырбастау пункттерінде шетел валютасын сату және сатып алу тоқтатылды.


Хабарламаларға жазылу