Батыс Қазақстан облысында жолды су басып, қозғалыс шектелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстан облысында жолды су басып, қозғалыс шектелді

28.02.2022

Батыс Қазақстан облысының «Казталов-Жәнібек» жолын су басып, көлік қозғалысы шектелді. Бұған дейін көктайғақтан республикалық және облыстық 8 тасжол жабылған еді. Ал облыс орталығынан 500 шақырым қашықтағы оңтүстік аудандарда күн жылынып, жаңбыр жауып, жер батпаққа айналды.

Жолда қалған көліктерді республикалық жол құрылысына жауапты мердігер кәсіпорын шығарып алып жатыр. Қазір жол барлық көлік түріне жабылған. Бұл аумақта үш жылдан бері «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» күре жолының құрылысы жүргізіліп отыр.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу