Еуроодақ Украинаны өз құрамына алуға ниетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуроодақ Украинаны өз құрамына алуға ниетті

28.02.2022

Еуропа одағы Украинаны өз құрамына алуға ниетті. Мұны Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен Брюссельде мәлімдеді. Оның сөзінше, Украина кейбір Еуропалық процестерге қатысып, өз нарығын Еуропа одағы нарығына интеграциялап жатыр. «Сондықтан Украинаны одақ мемлекеттері «Еуропалықтар отбасынан» көргісі келеді»,- дейді Урсула фон дер Ляйен.

Еуропа одағының 27 елі Украина әскеріне 450 миллион еуроға қару сатып әперу туралы шешім қабылдады. Одақ өз тарихында мұндай қадамға алғаш рет барып отыр. Аталған қаржы соғыс ұшақтары мен тікұшақтарды құлататын «Стингер» зымырандарын алуға да жұмсалады. Сонымен қатар Еуропа одағы Ресей ұшақтары үшін өзінің әуе кеңістігін жауып, Мәскеудің одақтасы Беларусьтен табак, ағаш, тыңайтқыш, цемент, темір және болат импорттауға тыйым салды.

Тағы айта кететін жайт – саммитте одақ аумағында Ресейдің «Russia Today», «Sputnik» тәрізді медиа ұйымдарының қызметін тоқтату туралы да шешім қабылданды.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу