Ақтауда «Сән құрақ» фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда «Сән құрақ» фестивалі өтті

28.02.2022

Ақтауда құрақ құрайтын шебер қыз-келіншектердің сайысы өтті. Оған 28 тігінші қатысты. «Сән құрақ» фестивалі осымен 5-рет ұйымдастырылып отыр. Шараның алғашқы кезеңі желтоқсан айында болған. Оған 30-ға жуық шебер қатысып, жеңімпаздар бүгінгі сайыста бақ сынайды. Қолөнер шеберлері құрақ көрпелерден бөлек, оюмен өрнектелген сөмкелер мен киімдер ұсынды. Фестивальдің мақсаты - үй шаруасымен айналысып-ақ кәсіпкер атанған әйелдерді насихаттау.

Тілектес Болатбаева, Жаңаөзен қалалық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы:

Құдайбергенова Эльмира деген қызмыз «Сән құрақ» фестивальға қатысып, үшінші жыл жүлдегер атанды. Қазіргі кезде жұмысын дөңгелетіп, кәсіпкер атанып, 2 тігін цехын ашты. Бірнеше қызды жұмыспен қамтып отыр.


Хабарламаларға жазылу