Мұхтар Шахановтың биыл сексен жылдығы. Бала күнімізде Мұхтар Шаханов дегенде жарқыраған «Танакөз» поэмасынан жалындап үзінді айтатынбыз. Одан кейін Арал мен Балқаш проблемаларын көтергені; Желтоқсан көтерілісін ақтау жолындағы әрекеті; Наурыз мерекесін қайтару жолындағы жұмысы; Ана тіліміз үшін күресі; Рухты өлтірмеу жолындағы күресі; Және Айтматовпен достығы – Шаханов дегенде осындай тізбек шығады. Қуан Нұрақынның материалы.