Мемлекет басшысы телефон арқылы келіссөздер жүргізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы телефон арқылы келіссөздер жүргізді

27.02.2022

Бүгін Франция тарапының бастамасымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эммануэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда. Әңгімелесу барысында екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Еуразия кеңістігіндегі ахуал талқыланды. Мемлекеттер басшылары тұрақты байланыс жасап тұруға келісті.

Ал кеше Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропа одағының Президенті Шарль Мишельмен телефон арқылы сөйлескен болатын.

Президент сәрсенбіден бері Қауіпсіздік кеңесінің отырысын екі рет өткізді. Екеуінде де «шұғыл» деген сипаттама берілді. Мысалы кешегі отырысы туралы «Ақорда» сайты былай жазды: Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл кеңесі өтті. Жиында халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері қаралды. Украинадағы жағдайға байланысты Қазақстанның тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Отырыс қорытындысы бойынша Президент мемлекеттік органдарға нақты міндеттер жүктеп, тапсырмалар берді.

Осы аптада астанада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің үкімет басшылары жиналған еді. Олармен Президент кездескен.


Хабарламаларға жазылу