Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады

25.02.2022

Сондай-ақ бүгін Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады. Наталья Годунова Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында квазимемлекеттік секторға жүргізілген аудиттің аяқталғанын, арнаулы экономикалық аймақтардың қызметіне, жер ресурстарын басқару жүйесіне, Токиодағы Олимпиада ойындарына дайындыққа және пандемиямен күреске бөлінген қаражаттың тиімді жұмсалуына бағалау жүргізілгенін хабарлады. Былтыр жалпы 32 триллион теңгеден астам бюджет қаражаты бойынша 155 нысанға 21 аудиторлық тексеру жүргізілген. Кездесу қорытындысы бойынша Президент жаңа экономикалық саясатты іске асыру аясындағы Есеп комитетінің қызметіне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Хабарламаларға жазылу