Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп дағдарысқа қарсы жоспар әзірледі. Ол Украинадағы оқиғаларға байланысты теріс әлеуметтік-экономикалық салдардың шұғыл алдын алуға арналған. Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты қолдау шараларын қабылдайды. Яғни инфляцияны бақылауға және валюта нарығындағы тұрақтылықты сақтауға жауапты. Үкімет жұмыс орындарын ашып, кәсіпкерлікті дамытуға жауап береді. Бюджет есебінен халықтың депозиттеріне сыйақы беріледі. Ауыл шаруашылығы кооперациялары мен отбасылық шаруашылықтарға қолдау жасалады. Биыл «Ауыл – ел бесігі» жобасы, өңірлерді дамытудың кешенді жоспарына 200 млрд теңгеге дейін қаржы бөлінеді. Сондай-ақ, кредиттерді субсидиялау мен кепілдендіруді қаржыландыру мөлшері артады. Бизнеске түсетін әкімшілік жүктеме жойылады.
Нысаналы Ығыл