Қуанышбек Есекеев Президентке телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы және халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту туралы баяндады. Сондай-ақ 5G желісін енгізу мен цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендетудің перспективалары туралы мәлімет берді. Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету бойынша бірқатар тапсырма берді.