Президент Түркияның Сыртқы істер министрін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Түркияның Сыртқы істер министрін қабылдады

24.02.2022

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен онлайн-кездесу өткізді. Әңгіме барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты және қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің дамыту мәселелері талқыланды. Қасым Жомарт-Тоқаев келер аптада өтетін сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының 12-отырысы екі елдің қарым-қатынасын одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты. Президент түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін растады. Мевлют Чавушоғлу Қазақстан Президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды Түркияның толық қолдайтынын айтты. 

Хабарламаларға жазылу