Депутат энергетика саласындағы олигополияны жою керек деді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат энергетика саласындағы олигополияны жою керек деді

24.02.2022

Энергетика саласын олигополиядан ада ету керек. Бүгін Сенатта саладағы біраз былық жария болды. Депутаттың айтуынша, энергетикадағы мәселені шешіп, тарифтік саясат жүргізетін біріңғай орган жоқ. Саланы үш министрлік пен екі компания басқарады. Әрі тоқты өндіруші, оны жеткізуші және жабдықтаушы ұйымдар бір-бірімен ауыз жаласып, салада олигополия туғызып отыр. Мәселен қазір электр энергиясының 97%-ы ашық көрсетілмейтін шарттар арқылы сатылады, дейді Сенатор. Сол үшін «Самұрық-Энерго» мен «Кегок» компанияларын Энергетика министрлігінің қарамағына өткізіп, оларды тоқты сатып алып, оны таратын біріңғай опреаторға айналдыру қажет, дейді. 

Хабарламаларға жазылу