Ұлттық банк базалық мөлшерлемені бірден 13,5%-ға дейін өсірді. Бұл елімізде қаржы нарығын тұрақтандыру үшін жасалып отыр. Яғни теңгенің құнсыздануынан жұрттың депозиттегі қаржысы күйіп кетпеуі керек. Мөлшерлеменің өсуі арқылы салымнан түсетін ақша да арта түседі. Әрі инфляцияның шарықтауына жол бермеуі тиіс. Ұлттық банктің шешімі бүгіннен бастап күшіне енді.