«Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алушылар үшін техникалық мамандыққа басымдық беріледі. Мемлекеттік хатшының төрағалығымен өткен шетелде кадр даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысында Президенттің тапсырмаларын орындау мәселелері талқыланды. Ерлан Қариннің айтуынша, аталған бағытта білім алатын стипендиаттардың қатары көбейіп, жоғары оқу орындарының саны артады. Сондай-ақ, биыл инженерлік-техникалық, медицина, мәдениет, туризм және спорт, бұқаралық ақпарат құралдарының, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, ғалымдар, орта білім, техникалық және кәсіптік бағдар беру ұйымдарының мұғалімдері тағылымдамадан өтеді. Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасын одан әрі жетілдіру және оны жүзеге асыру тетіктерінің тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.