Премьер-Министр Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті. Тараптар Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарын талқылап, одақ шеңберінде техникалық реттеудің бірыңғай базасын жетілдіруді сөз етті. Одақ елдері арасында өзара сауда көлемі 37,5%-ға, оның ішінде экспорт 33%-ға өсті. Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы тауар айналымы былтыр 26,1 млрд долларға жетті. Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михайл Мясникович қазақстандық тараптың үйлесімді жұмысына тоқталып, кооперацияны дамыту бойынша үлкен жұмыстар күтіп тұрғанын айтты.
Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:
Біздің алдымызда түрлі салалардағы, бірінші кезекте өнеркәсіптегі кооперация кәсіпорындармен бірлесіп интеграциялық жобаларды іске асыру бойынша үлкен жұмыс күтіп тұр. Өткен жылы Қазақстан ЕАЭО-ның жарғылық органдарында төрағалық етуші тарап болды, мемлекет басшымыз Қ. Тоқаев өткен жылдың басында біздің ұйымға төрағалық етуіміздің басым бағыттарын белгіледі, Президенттің үндеуінде көрсетілген осы бағыттар бірлескен күш-жігеріміздің арқасында сол кезеңінде табысты іске асырылды деп сеніммен айтуға болады