Украинадағы қазақстандық жолаушыларға қатысты «жедел желі» ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украинадағы қазақстандық жолаушыларға қатысты «жедел желі» ашылды

24.02.2022

Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты Қазақстан Республикасының Киевтегі Елшілігі азаматтарымызды эвакуациялауды қамтамасыз етіп жатыр. Украинадағы Қазақстан азаматтары елшілікке Киев қаласы, Ильенко көшесі, 26-үй мекен-жайы бойынша және «жедел желі» телефондары арқылы хабарласа алады. Сондай-ақ отандастарымыз Харьков, Львов, Одесса және Днепр қалаларында орналасқан еліміздің консулдық кеңселеріне жүгіне алады. Сыртқы істер министрлігінде де «жедел желі» ашылды. Сұрақтар бойынша азаматтар 72-06-06 нөміріне хабарласа алады. Қазіргі уақытта Украинада 1600-ден аса адам уақытша және тұрақты консулдық есепте тұр.

Украинадағы жағдайға байланысты қазақстанда әуе жолаушыларға арналған сенім телефоны іске қосылды

Сонымен қатар қазақстандық жолаушыларға арналған сенім телефоны іске қосылды. Украинадан және Украинаға рейстердің тоқтауына байланысты әуе жолаушылары кеңес алу үшін сенім телефондарына хабарласа алады. Байланыс орталығы наурыздың 5-не дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істемек. Қауіпсіздік үшін Қазақстанның әуе компанияларына Украина кеңістігінен ұшуға тыйым салынды.

Армангүл Тоқтамұрат


Хабарламаларға жазылу