Павлодар облысындағы тауарлы-сүт фермасына айыппұл салынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысындағы тауарлы-сүт фермасына айыппұл салынды

24.02.2022

Павлодар облысы, Ақсу қаласы аумағында салынған тауарлы-сүт фермасына қатысты кезекті рет қоғамдық тыңдау өтеді. Естеріңізге сала кетейік, 1200 сауын сиыр тұрған кәсіпорыннан «жағымсыз иіс» шығады деген тұрғындардың шағымынан кейін тексеріс басталған болатын. Тексерістің қорытындысы бойынша ветеринарлық инспекция мал санының құжаттағы цифрлармен сәйкес еместігін анықтап 50 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған. Ал, экология департаменті мал фермасының құжаттары былтырғы жылдың шілде айында өзгерген заң талаптарына сай келмейтінін мәлімдеді.

Мағзұм Құқымбаев, Облыс бойынша мемлекеттік экологиялық бас инспектор:

Кәсіпорын бастапқы бетте құжат жасатуға тапсырыс бергенде 3-ші категория деп белгіленген. Ал, нақты дерек бойынша 1-ші категорияға жатады. Соған сәйкес экологиялық нормалардағы біраз талаптар өзгереді. Бұл жерде тұрғындар пікірі есепке алынады. Біз бұл жайында тексеру жүргізілген нысан өкілдерін хабардар еттік. Өз еріктерімен орындамаса сотқа жүгінуге тура келеді.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу