Көкшетауда балалар арасында індеттің таралуы азайып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда балалар арасында індеттің таралуы азайып келеді

24.02.2022

Ақмола облысында балалардың коронавирус инфекциясын жұқтыруы азайып келеді. Қаңтарда оқушылар арасында 1620 жағдай тіркелсе, осы айда 593 науқас анықталды. Бұл 2,7 есе аз. Қазір карантинге жабылып, қашықтан білім алып жатқан сыныптар жоқ. Сондай-ақ мектепке дейінгі жастағы балалардан соңғы тәулікте індетке шалдыққандар тіркелмеді. Облыста жалпы ахуал да жақсарып келеді. Қаңтармен салыстырғанда ауру жұқтырғандар 3,5 есе азайды. Қазір Ақмола облысы «жасыл» аймақта. Өткен тәулікте 28 адамның дертке шалдыққаны анықталған. Өңірде екпе салу жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін 6840 жасөспірім вакцина алған. 93 мыңнан аса ақмолалық екпенің үшінші бөлігін салдыртқан.

Ермек Елберген


Хабарламаларға жазылу