Джо Байден Ресей шабуылына «Үлкен жетілік» елдерімен бірлесе жауап беретінін ескертті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Джо Байден Ресей шабуылына «Үлкен жетілік» елдерімен бірлесе жауап беретінін ескертті

24.02.2022

БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш Ресей президенті Владимир Путинді Украинаға қарсы шабуылды тоқтатып, бейбітшілікке мүмкіндік беруге шақырды. 

«Рейтердің» мәліметінше, БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Ресейді халықаралық құқықты бұзғаны үшін айыптап, оны әскери операциядан бас тартуға үндейтін қарар қабылдауға дайындалып жатыр. Алайда Ресей вето жариялау құқығына ие болғандықтан, бұл резолюцияның қабылдануына күмән бар.

Одан бөлек, АҚШ президенті Джо Байден Ресейдің шабуылына қарсы одақтастарымен бірлесе батыл түрде әрекет ететінін ескертті. Ақ үй басшысы өз мәлімдемесінде халықаралық қауымдастық Мәскеуді өлім мен қиратулар үшін жауапқа тартатынын айтты. Бұған қоса, Байден Ресейге қатысты келесі қадамдарды жариялау мақсатында «Үлкен жетілік» бойынша әріптестерімен кездесу өткізбек.

БҰҰ Владимир Путин Украина Джо Байден шабуыл Ресей

Хабарламаларға жазылу