Елімізде блогерлер қазақ тіліндегі контенттер санын арттырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде блогерлер қазақ тіліндегі контенттер санын арттырмақ

24.02.2022

Қазақ тіліндегі контентті жақсартып, санын арттыру керек дейді блогерлер. Әлеуметтік желілерде өз арнасы мен парақшасын ашып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп жүрген жастар Алматыда бас қосты. Шара ұйымдастырушысы Genesis Studio MSN елдегі танымал блогерлерді жинап, ютуб желісіндегі соңғы жаңалық пен заманауи трендтер жайлы пікір алмасты. Үндістан, Пәкістан, Вьетнам мен Африка елдерін қамтып үлгерген компания бүгінде қазақстандық жастарға көмектесіп жатыр.

Әйгерім Жүкенова, Контент-продюсер:

Бүгінде Қазақстанда көптеген салалар бос. Мысалы фитнес, йога, медицина, білім беру салаларында мұғалім болған адамдардың қазақ тіліндегі контенті өте аз. Мәселен, ағылшын тілін қазақша үйрететін контент жоқ. Сондай арналар бізге керек.

Әли Дауытханов, Блогер:

Қазақ блогерлері бізде ақырындап көбейіп келе жатыр. Бізде қазақстандық ютубта бос нишалар көп. Тематикалық арналар көбірек пайда болуы керек. 

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу